Израиль ЮНЕСКО-дан шығатынын мәлімдеді
БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) бас хатшысы жұма күні сионистік режимнің бұл халықаралық ұйымнан шығу туралы өтінішін қабылдағаны жайлы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Одри Азулай мәлімдеме жариялап: "Израиль 2018 жылы желтоқсанның отыз бірі күні ЮНЕСКО-ның мүшелігінен шығады",- деп мәлімдеді.
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху қазанның он екісі күні АҚШ-тың ЮНЕСКО ұйымынан шығатыны туралы мәлімдемесінен бірнеше сағаттан соң: "Сиониттік режим де бұл ұйымның мүшелігінен шығуға әзір",-деп айтқан еді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті қазанның он екісі күні «ЮНЕСКО – Израильдің дұшпаны» деген сылтаумен аталмыш ұйымнан шығатынын мәлімдеген болатын. Вашингтонның бұл әрекеті 2017 жылдың соңғы күні жүзеге асырылмақ.
АҚШ 2011 жылы Палестина осы ұйымға мүше болып кіргеннен кейін ЮНЕСКО-ға қаржылай көмек көрсетуін тоқтатты.
Нетаньяху өз мәлімдемесінде АҚШ-тың ЮНЕСКО ұйымынан шығуын ерлік деп атады.