3 әуе компания Иран сатып алған ұшақтарды қаржылай қамтамасыз етеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33453-3_әуе_компания_Иран_сатып_алған_ұшақтарды_қаржылай_қамтамасыз_етеді
Иранның Жол және қала құрылысы министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Airbus, Boeing және ATR компаниялары сатып алынған бірқатар ұшақты қаржыландыру міндетінінің жауапкершілігін мойындарына алды» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 31, 2017 11:05 Asia/Almaty
  • 3 әуе компания Иран сатып алған ұшақтарды қаржылай қамтамасыз етеді

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Airbus, Boeing және ATR компаниялары сатып алынған бірқатар ұшақты қаржыландыру міндетінінің жауапкершілігін мойындарына алды» деді.

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Асғар Фахриекашан сенбі күні Иран Ислам Республикасының һома әуе флотына ATR компаниясының 2 ұшағының әкелуі рәсімінде тілшілерге берген сұхбатта: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін ұшақ сатып алу оңай іс болған жоқ. Себебі, бүкіл Батыс мемлекеттері Иранмен мұндай келісімнің жүзеге асырылуына кедергі келтірді. Милади жыл санағы бойынша алдағы жылы әуе флотының орташа ұзақтығын 15 жылға дейін созу үшін Һома компаниясына 20 ұшақ келісімшарты сериясынан ATR компаниясының қалған 12 ұшақ, сонымен бірге Airbus кең корпусты ұшақтары Иранға әкелінеді» деді.

Иран сатып алынған ATR компаниясының 2 ұшағы бүгін Теһранның Мехрабад халықаралық әуежайына ұшып келді.