Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Канаданың араласушылық мәлімдемесін айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Канада үкіметінің Иранның ішкі істеріне араласуын халықаралық және құқықтық міндеттемелерді бұзу деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми Канадада өмір сүретін ирандық азаматтардың сол елдің полициясының қолынан өлуі мен сол іске қатысты Канада үкіметінің жауап бермеуіне тоқталып, ирандықтар мен Иран Сыртқы істер министрлігінің талпыныстарына қарамастан Канадада өмір сүретін ирандықтардың құқықтарына немқұрайдылық танытуды бұл ел үкіметінің ирандықтарға қатысты екіжүзділігінің белгісі деп атады.
Ғасеми Канаданың Иранның ішкі істеріне араласу туралы мәлімдемесін айыптап: «Канада үкіметінің ұстанымы бұл мемлекеттің жоғары лауазымды қайраткерлерінің Иранмен келіссөз жүргізіп, келісімге келу туралы сөздерімен үйлеспейді. Өкінішке орай, Канада үкіметінің сөздері қисынсыз, сындарсыз. Бұл Канаданың бұрынғы үкіметінің Иранға қарсы уәждерін еске түсіреді»,- деді.
Желтоқсан айының 23 күні ирандық науқас адам Бабак Саиди Канаданың Онтарио провинциясының Морисбург қаласында полицияның оғынан өлді. Канада үкіметі әрқашан бұл елдің жергілікті тұрғындарына, мигранттары мен азшылығына кемсітушілік жасап келеді.
«