Ресей: Ирандағы тәртіп бұзу әрекеттеріне АҚШ-тың қатысы бар
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33517-Ресей_Ирандағы_тәртіп_бұзу_әрекеттеріне_АҚШ_тың_қатысы_бар
Ресей Федерация Кеңесінің халықаралық істер бойынша комитетінің басшысы: "Ирандағы бейберекеттіктерден АҚШ-тың әсері байқалуда",- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 02, 2018 12:58 Asia/Almaty
  • Ресей: Ирандағы тәртіп бұзу әрекеттеріне АҚШ-тың қатысы бар

Ресей Федерация Кеңесінің халықаралық істер бойынша комитетінің басшысы: "Ирандағы бейберекеттіктерден АҚШ-тың әсері байқалуда",- деп мәлімдеді.

"Меһр" ақпарат агенттігінің РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей Федерация Кеңесінің халықаралық істер бойынша комитетінің басшысы Константин Косачев Ирандағы соңғы күндердегі өзгерістерге реакция білдіріп: "Ирандағы наразылықтардан бөгде факторлардың ықпалы байқалуда. Вашингтон мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ирандағы наразылықтарға тікелей реакция білдіруі наразылар үшін белгі. АҚШ Ирандағы кез келген тәртіпсіздікті қолдайды. Вашингтон Израильмен Теһранға қарсы қысымдарды арттыру жолдары туралы кеңесуде",- деді.

Сондай-ақ, Ресей Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні АҚШ пен оның кейбір одақтастарының, атап айтқанда сионистік режимнің Иранның кейбір қалаларында орын алған тәртіп бұзу жайттарына қатысты ұстанымдарына реакция білдіріп, өз мәлімдемесінде: "Бөгделердің Иранға араласушылық танытуы айыпталатын әрі қабылдауға болмайтын жайт",- деп баса айтты.