Трамп Солтүстік Кореяның жетекшісімен сұхбаттасуға ынта білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ынмен телефон арқылы сұхбаттасуға ынта білдіріп, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы келіссөздердің оң нәтиже беретіндігіне үміттенетінін айтты.
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен келіссөздер өткізуді қабылдайтынын АҚШ пен Оңтүстік Корея ортақ әскери жаттығуларын кейінге қалдырғаннан кейін бірнеше сағаттан соң мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп сенбі күні Мэриленд штатындағы Кэмп-Дэвид резиденциясында тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: "Ким Чен Ынмен келіссөз өткізуге ынталымын. Бірақ мұндай сұхбат шартсыз жүзеге аспайды",- деді.
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Трамптың билік басына келуінен бастап үздіксіз айтысып, бір-біріне айып тағумен келеді.