Ресей Каспий теңізінде диверсияға қарсы әскери жаттығу өткізді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33677-Ресей_Каспий_теңізінде_диверсияға_қарсы_әскери_жаттығу_өткізді
Ресей Теңіз күштері Каспий теңізінде диверсияға қарсы әскери жаттығу өткізді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 07, 2018 12:08 Asia/Almaty
  • Ресей Каспий теңізінде диверсияға қарсы әскери жаттығу өткізді

Ресей Теңіз күштері Каспий теңізінде диверсияға қарсы әскери жаттығу өткізді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігі сенбі күні жаттығулардың Ресей Каспий флотилиясының суасты диверсиялық күштер мен кемелерге қарсы бөлімшесі тарапынан өткізілгенін мәлімдеген.

Бұл хабарламаға сәйкес, Каспий теңізінің Ресейге қарасты бөлігінде өткізілген жаттығуларға Ресей теңіз күштерінің жүрдек әскери кемелері мен қайықтары қатысып, суасты бақылау жүйесінің ақпараттық мәліметтерін пайдаланған.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі әскери жаттығулардың негізгі мақсатын лаңкестердің Каспий теңізі аймағындағы белсенділіктерінің алдын алу және Ресей шекараларындағы теңіз территориясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету деп атады.