Трамптың бұрынғы стратегі: Саудиялықтар Ираннан қатты қорқады
Қаң 08, 2018 18:20 Asia/Almaty
Америка президентінің бұрынғы жоғары стратегі «От пен ыза: Ақ үйдің іші» атты жақында жарыққа шыққан кітаптың бір бөлігінде: «Саудиялықтар Ираннан қатты қорқады» деп қуаттады.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша Америка президентінің бұрынғы жоғары стратегі Стивен Бэннон кітаптың Трамп президенттігінің бір жылына қатысты бөлігінде Сауд Арабиясының Ираннан қатты қорқатынын айтып: «Саудиялықтар құрдымның алдында тұр» деді.
Майкла Вулффтың «От пен ыза: Ақ үйдің іші» атты кітабы бұл күндері Америкада үлкен шу шығарды. Сонымен қатар Трамптың қатаң ашуына себеп болды. Америка президенті өзінің бұрынғы жоғары стратегі Стивен Бэннонды осы кітаптағы сөздері үшін қатты кінәлады.
Тегтер