Ирандық мұнай танкерінен екі адамның мүрдесі табылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33849-Ирандық_мұнай_танкерінен_екі_адамның_мүрдесі_табылды
Құтқарушылар Қытай суларындағы апатқа ұшыраған ирандық мұнай танкерінен екі адамның мүрдесін тапқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 13, 2018 11:07 Asia/Almaty
  • Ирандық мұнай танкерінен екі адамның мүрдесі табылды

Құтқарушылар Қытай суларындағы апатқа ұшыраған ирандық мұнай танкерінен екі адамның мүрдесін тапқанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Шанхайдан хабарлауы бойынша, Қытайдың құтқару және жәрдемдесу күштері жергілікті уақыт бойынша сенбі күні таңертең ирандық танкердің ішінен тағы екі адамның мүрдесін тапқан.

Осы мәліметке сәйкес, танкердің ішінде улы газ көлемінің көп болуы мен оттегінің аздығына байланысты Қытай құтқарушылары танкерде тек жарты сағат қана аялдап, танкерден шыққан.

Сонымен қатар Иранның арнайы күштерінің сол мекенде танкерге кіруге дайын екендігі, қажет жағдай әзірленгенде құтқару амалдарының жүзеге асырылатыны хабарланды.

2018 жылы қаңтардың алтысы күні Қытайдың шығыс жағалауында Қытайдың Гонконг қаласының бір жүк кемесі ирандық мұнай танкерімен соғысты. Оқиға салдарынан ирандық танкер жарылып, өртенді. Ирандық танкердің экипажының құрамында отыз ирандық, екі бангладештік азамат болған.