Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен спорт саласында дипломатиялық байланыс орнатты
(last modified Thu, 18 Jan 2018 09:06:54 GMT )
Қаң 18, 2018 15:06 Asia/Almaty
  • Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен спорт саласында дипломатиялық байланыс орнатты

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея делегацияларының екі ел спортшыларының Оңтүстік Кореяның Пхенчангтағы қысқы олимпиада ойындарына қатысуы туралы отырысы өтті.

Отырыста Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның өкілдері бір ортақ тудың астында қысқы олимпиада ойындарына қатысуға келісті.

Екі Кореяның Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарына Пхеньян спорт делегациясының қатысуы туралы  алғашқы келіссөздері бірнеше күн бұрын өтті. Нәтижесінде тараптар екі ел спортшыларының ортақ тудың астында қатысуына келісті.

"Бірлік туы" – екі Кореяның спортшылары арасында бірлестіктің барын көрсету үшін спорт шараларында қолданылатын бейресми ту. Бұл ту алғаш рет екі Корея 1991 жылы Жапонияда үстел үстіндегі теннистен өткен әлем чемпионатына ортақ команда жіберген кезде қолданылды.

Оңтүстік Кореяның басшылары осы отырыста қысқы олимпиадаға екі елдің хоккейден ортақ командасының қатысуына ұсыныс жасады.

Өткен аптада Солтүстік Корея 9-шы ақпанда Пхенчангта өтетін қысқы олимпиада ойындарына өзінің спортшыларын, жоғары лауазымды тұлғаларын немесе тіпті, өнерпаздарының делегациясын жіберуге келісті.

Соңғы айларда Корей түбегінде Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық бағдарламаларына байланысты текетірестер күшейе түсті. Соған қарамастан, Оңтүстік Корея олимпиада ойындарын бейбіт жарыстар деп көрсетуге күш салуда.

Бұл – Сеул мен Пхеньянның Солтүстік Корея спортшыларының Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысуы туралы өткізген келіссөздерінің екінші кезеңі. Ойындар Оңтүстік Кореяның Пхенчанг қаласында 9-20 ақпан аралығында өтеді.

Сеул мен Пхеньянның қысқы олимпиадаға бірге қатысып, ортақ ту қолдануы екі Кореяны біріктіру арманының нышаны ғана болғанымен, спорттық дипломатия  осы екі көршілес елді текетірестерді азайту жолына түсіре алады. 

Екі Кореяның текетіреске толы кезеңінен кейін  Солтүстік Корея спортшыларының қысқы олимпиадаға қатысуға келісуі екі тараптың келіссөзге қатысты ұстанымдарының жұмсарып, Сеул мен Пхеньянның қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы қайшылықты мәселелері туралы диалог өткізуге бет бұрғанының белгісі бола алады.

Екі Корея спорттық дипломатияның әлеуеттері негізінде қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы екіжақты диалогқа жол аша алса, трансаймақтық ойыншылардың Корей түбегіндегі өзгерістерге араласуы, әсіресе АҚШ-тың Пхеньянның Оңтүстік Корея және басқа аймақ елдерімен, соның ішінде  Жапониямен араздығын сақтауға итермелеу әрекеттері айтарлықтай азаятын еді.

Оңтүстік Кореяның өзінің солтүстігіндегі көршісімен қатынаста спорт саласында  дипломатияны пайдалануы бұл елдің Корей түбегінде текетірестің күшеюі мен оның өз экономикасына тигізер әсеріне алаңдайтынын көрсетті.

Қытайдың саяси сарапшысы әрі үкімет кеңесшілерінің бірі Ши Ин Хунг  АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары арасындағы керіс барысында: "Аймақта текетірес пен соғыс қатері өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл аймақтағы барлық елдерге үлкен қауіп төндіреді. Корей түбегінде өткен бірнеше онжылдықтың ішінде соғыс қаупі осыншалықты жоғары болған емес",-деді.

Осындай жағдайда Оңтүстік Корея АҚШ-тың Корей түбегінде текетіресті күшейтуге және психикалық тұрғыдан тынышсыз кеңістік таратуға бағытталған бүлдіргі саясаттарынан хабардар бола отырып, екіжақты аяда өзінің Солтүстік Кореямен қатынасындағы түйткілдерді дипломатия мен диалог жолына түсіріп, талқылап, бірлесе шешім жолын табуға талпыныс жасап жатыр. Спорттық дипломатия – соның бастамасы.