Ресей кейбір елдердің "Ортақ қадамды" өзгерту талпыныстарына қатысты ескерту жасады
Ресей СІМ кейбір елдердің мүдделерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қауіп төндірмеуі тиістігін ескертті.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бейсенбі күні өткен "Жаппай қырып-жоятын қаруларға тыйым салу" тақырыбына арналған отырыста: "Мәскеу кейбір елдердің саяси мүдделерінің "Ортақ қадамға" қауіп төндіруіне рұқсат бере алмайды",- деді.
Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдап, оны қолдау туралы қарар бекітуді баса айтып: "Иран қазіргі таңға дейін "Ортақ қадам" бағдарламасына берік болды",- деп қуаттады.
Сонымен қатар, БҰҰ-дағы ҚХР-дың өкілі Ву Хайтао "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын көпжақты жетістік және халықаралық мәселелерді бейбіт жолмен шешудің үлгісі деп атап: "Бейжің "Ортақ қадам" бағдарламасына табандылық танытып, барша осы келісімді тиімді әрі толық жүзеге асыруды жалғастыруы тиіс деп санайды",- деді.