Ресей кейбір елдердің "Ортақ қадамды" өзгерту талпыныстарына қатысты ескерту жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34045-Ресей_кейбір_елдердің_Ортақ_қадамды_өзгерту_талпыныстарына_қатысты_ескерту_жасады
Ресей СІМ кейбір елдердің мүдделерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қауіп төндірмеуі тиістігін ескертті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 19, 2018 15:35 Asia/Almaty
  • Ресей кейбір елдердің

Ресей СІМ кейбір елдердің мүдделерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қауіп төндірмеуі тиістігін ескертті.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бейсенбі күні өткен "Жаппай қырып-жоятын қаруларға тыйым салу" тақырыбына арналған отырыста: "Мәскеу кейбір елдердің саяси мүдделерінің "Ортақ қадамға" қауіп төндіруіне рұқсат бере алмайды",- деді.

Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдап, оны қолдау туралы қарар бекітуді баса айтып: "Иран қазіргі таңға дейін "Ортақ қадам" бағдарламасына берік болды",- деп қуаттады.

Сонымен қатар, БҰҰ-дағы ҚХР-дың өкілі Ву Хайтао "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын көпжақты жетістік және халықаралық мәселелерді бейбіт жолмен шешудің үлгісі деп атап: "Бейжің "Ортақ қадам" бағдарламасына табандылық танытып, барша  осы келісімді тиімді әрі толық жүзеге асыруды жалғастыруы тиіс деп санайды",- деді.