Пенс пен Нетаньяху Израиль Парламентінде негізсіз уәж айтты
АҚШ Вице-президенті басып алынған жерлерге жасаған сапарында сионистік режимнің Кнессетінде сөз сөйлеп, Иранға қарсы уәж айтты.
Alalam арнасының мәліметі бойынша, сионистік режимнің басшылармен кездесу үшін басып алынған Палестина жерлеріне сапар шеккен АҚШ Вице-президенті Майк Пенс кеше сионистік режимнің Кнессетінде сөйлеген сөзінде: "АҚШ Иранға қарсы тұру үшін Израильмен ынтымақтастық жасайды",- деп мәлімдеді.
АҚШ Вице-президенті Иранмен жасалған ядролық келісімді "апат" деп атап: "АҚШ келесі жолы бұл келісімді растамайды. Егер келісімге өзгеріс енгізілмесе, АҚШ одан шығады",- деді.
Трамптың орынбасары сондай-ақ, Вашингтонның Тель-Авивтың қасында тұрғанын айтып, АҚШ-тың Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялауын қуаттап, 2019-шы жылдың соңына дейін бұл қалада АҚШ елшілігі ғимаратының ашылатынын хабарлады.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху да Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталап: "Израиль Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін бар күшін салады",- деді.