Сочи саммитіне шақырылған елдердің тізімі жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34197-Сочи_саммитіне_шақырылған_елдердің_тізімі_жарияланды
Ресей Президентінің Таяу Шығыс істері бойынша өкілі Сочиде өтетін Сирияның ұлттық сұхбаттарының конференциясына қатысу үшін бірнеше елге шақыру хатының жіберілгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 24, 2018 19:39 Asia/Almaty
  • Сочи саммитіне шақырылған елдердің тізімі жарияланды

Ресей Президентінің Таяу Шығыс істері бойынша өкілі Сочиде өтетін Сирияның ұлттық сұхбаттарының конференциясына қатысу үшін бірнеше елге шақыру хатының жіберілгенін хабарлады.

«Спутник» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Александр Лаврентьев шақыру хаттарының  Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері Қытай мен Америкаға, Франция мен Ұлыбританияға, сонымен қатар Мысыр мен Иорданияға, Иракқа, Қазақстанға, Ливан мен Сауд Арабиясына жіберілгенін мәлімдеп: «Ресей, Иран мен Түркия аталмыш елдерді «сириялық-сириялық» сұхбаттарға қатысуға шақырды.  Конференцияның жұмысы Сирия келіссөздерін  мүмкіндігінше кең ауқымды аспектіде қарастырып, Сирияны қайта құру жағдайында дамыту және сол елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтауға бағытталады» деді.