Ресей мен БҰҰ Сочи отырысына қатысты кейбір мәселелер жөнінде келісімге келді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34305-Ресей_мен_БҰҰ_Сочи_отырысына_қатысты_кейбір_мәселелер_жөнінде_келісімге_келді
Ресейдің Сыртқы істер министрі мәлімдемеде Венада Сирияның бейбіт келіссөздерінің өткеніне тоқталып, Ресей мен БҰҰ-ның Сочи отырысына қатысты кейбір мәселелер жөнінде келісімге келгендерін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 28, 2018 18:19 Asia/Almaty
  • Ресей мен БҰҰ Сочи отырысына қатысты кейбір мәселелер жөнінде келісімге келді

Ресейдің Сыртқы істер министрі мәлімдемеде Венада Сирияның бейбіт келіссөздерінің өткеніне тоқталып, Ресей мен БҰҰ-ның Сочи отырысына қатысты кейбір мәселелер жөнінде келісімге келгендерін хабарлады.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі осы мәлімдемеде: "Сирия үкіметі және Сириялық келіссөздер жоғары комитетінің наразы тобының қатысуымен өткен "сириялық-сириялық" кеңестерінің тоғызыншы кезеңінде БҰҰ Бас хатшысының Сириядағы арнайы өкілі Стаффан де Мистураның араағайындығымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарына сәйкес және осы ұйымның бақылауымен өткізілген "сириялық-сириялық" келіссөздерінің аясында қол жеткізілген келісімдер негізінде Сирия дағдарысын шешу жолдары талқыланды. Вена келіссөздеріне қатысушылардың назары Сирияның Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесіне аударылды. 29-30 қаңтарда Сочи қаласында өтеді деп жоспарланған "Сирияның ұлттық диалогы" конгресінің бастамасы мен оның ықтималды нәтижелері Вена отырысында талқыланды",-деп қуатталды.

2017 жылдың қараша айында Ресейде Иран, Ресей мен Түркияның басшылары тарапынан Сочиде "Сирияның ұлттық диалогы" конгресін өткізу келісімі жасалған болатын.

Сирия дағдарысы 2011 жылы аймақтық теңгерімді сионистік режимнің мүддесіне өзгерту мақсатында Сауд Арабиясы, АҚШ пен оның одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтардың ауқымды басқыншылықтарымен басталды.