Ресей АҚШ-тың санкцияларына төтеп береді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34375-Ресей_АҚШ_тың_санкцияларына_төтеп_береді
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Мәскеудің Вашингтонның санкцияларына төтеп беруге әзір екенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 31, 2018 05:23 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың санкцияларына төтеп береді

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Мәскеудің Вашингтонның санкцияларына төтеп беруге әзір екенін хабарлады.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов сейсенбі күні "Ресей 24" телеарнасына берген сұхбатында Американың Ресейді санкциялармен қорқыта алмайтынын қуаттап, АҚШ-тың жаңа санкцияларын әсерсіз деп атап: "Ресей Батыстың санкцияларына бола өзінің саясаттарын өзгертпейді",-деді.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі өзінің әлемде санкцияға түскен жалғыз елші екенін айтты.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Конгреске "Кремль есебі" деген тізім ұсынды. Онда РФ Президенті Владимир Путинге жақын 210 адамның есімі аталған. Олардың 114-і – саясаткерлер, 96-сы – кәсіпкерлер мен инвесторлар. АҚШ 2011 жылдан бері "Магнитский заңы" аясында Ресейге қарсы санкция салуды бастады. 2014 жылдан бастап Украина мәселесіне қатысты бұл елге қаржы-экономика саласында бірнеше санкция салынды.