АҚШ сионистік режимнің қалашықтар салу ісіне тағы қолдау көрсетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34433-АҚШ_сионистік_режимнің_қалашықтар_салу_ісіне_тағы_қолдау_көрсетті
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Израильмен байланысы бар 206 компанияны қара тізімге қосу туралы осы ұйымның есебін сынады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 01, 2018 21:56 Asia/Almaty
  • АҚШ сионистік режимнің қалашықтар салу ісіне тағы қолдау көрсетті

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Израильмен байланысы бар 206 компанияны қара тізімге қосу туралы осы ұйымның есебін сынады.

Никки Хейли БҰҰ-ның осы есебіне реакциясында: "АҚШ Израильге қарсы әрекеттермен табанды түрде күреседі",- деді. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарының кеңсесі компаниялардың аттарын атамай, Израильдің қалашықтар салу ісіне қатысы бар компанияларды қара тізімге қосқаны туралы есебін жариялаған болатын. Құдсты басып алушы режим 2017 жылы сионистер қоныстанатын жаңа 6742 тұрғын үй салып, 2013 жылдан бергі бұл көрсеткіштің қазірге дейін бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін растады.