Иранның Бас консулы Нахичеван Мәжілісінің спикерімен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34459-Иранның_Бас_консулы_Нахичеван_Мәжілісінің_спикерімен_кездесті
Нахичеван республикасындағы ИИР-ның Бас консулы Мансур Айрем бейсенбі күні Нахичиван Мәжілісінің спикері Васиф Талибовпен кездесіп, пікір алмасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 02, 2018 17:57 Asia/Almaty
  • Иранның Бас консулы Нахичеван Мәжілісінің спикерімен кездесті

Нахичеван республикасындағы ИИР-ның Бас консулы Мансур Айрем бейсенбі күні Нахичиван Мәжілісінің спикері Васиф Талибовпен кездесіп, пікір алмасты.

Мансур Айрем кездесуде өткен жылдардағы  екіжақты қарым-қатынастардың дамығанына тоқталып: "ИИР мен Нахичеван автономиялық республикасының арасындағы ынтымақтастық үшін көптеген экономикалық және мәдени мүмкіндіктер бар",- деді.

Нахичевандағы Иранның Бас консулы 2018 жылы Табриз қаласының ислам әлемнің туристік астанасы және Нахичеванның ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде бекітілуін ынтымақтастықтарды арттыру үшін жақсы мұрсат деп атады.