Мәскеу: Ресейдің болмысына қатер төнетін болса, ядролық қару қолдануға рұқсат
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34511-Мәскеу_Ресейдің_болмысына_қатер_төнетін_болса_ядролық_қару_қолдануға_рұқсат
Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасын үмітсіздендіретін құжат деп атап: «Егер Ресейдің болмысына қатер төнетін болса, ядролық қару қолдануға болады»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 04, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Ресейдің болмысына қатер төнетін болса, ядролық қару қолдануға рұқсат

Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасын үмітсіздендіретін құжат деп атап: «Егер Ресейдің болмысына қатер төнетін болса, ядролық қару қолдануға болады»,-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ сенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-тың Мәскеу тарапынан ядролық қару қолдану ықтималының артқаны туралы уәждерін теріске шығарып: «Ресей тек өзі мен одақтас елдерге ядролық және басқа да қырып-жоятын қарулармен жасалған басқыншылыққа жауап ретінде ядролық қару пайдалануды рұқсат санайды»,-деді.

Ресей СІМ осы мәлімдемеде Вашингтонның АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасын әскери бағдарламалар мен жобаларда қолданған жағдайда өте жоғары деңгейдегі қатер тудыратынын түсінетіндігіне үміт білдірді.

Жұма күні «Ядролық жағдайды қайта қарау» атты құжат аясында жарияланған АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасы осы ел Президенті Дональд Трамп 2017 жылдың қаңтар айында Ақ үйге келгеннен бастап көтерген түсініктер аясында дайындалды. 

Шын мәнінде АҚШ-тың жаңа ядролық құжатының негізгі нысанасы әлемдегі басты ядролық алпауыттардың бірі Ресейге бағытталып отыр.