Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы әскери базаларын нығайтып жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34655-Ресей_Тәжікстан_мен_Қырғызстандағы_әскери_базаларын_нығайтып_жатыр
РФ СІМ-нің ТМД елдері жөніндегі үшінші кеңсесінің басшысы: "Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы өзінің әскери базаларын Ауғанстанға лаңкестердің енуінен туындаған қоқан-лоққылармен күресу мақсатында нығайтуда",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 08, 2018 15:56 Asia/Almaty
  • Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы әскери базаларын нығайтып жатыр

РФ СІМ-нің ТМД елдері жөніндегі үшінші кеңсесінің басшысы: "Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы өзінің әскери базаларын Ауғанстанға лаңкестердің енуінен туындаған қоқан-лоққылармен күресу мақсатында нығайтуда",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Александр Стерник: "Ресей ТМД елдері аумағында шекаралық қауіпсіздік жүйесін нығайтуды бастады.

Ресей мен Орта Азия елдерінің оңтүстік шекаралары Ауғанстандағы жағдайға байланысты Мәскеудің назарына алынып отыр. Лаңкестердің, әсіресе Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестерінің Ауғанстанға қарай қозғалысы Ресейдің жіті бақылауына алынған. Қауіпсіздік жүйесін нығайту аясында Ресейге серіктес елдердің әскери күштерін жаттықтыру және модернизациялау жұмыстары атқарылып, Ресейдің Тәжікстанда орналасқан №201 әскери базасы осы ел үкіметінің күштеріне ең қауіпті шекаралық аудандарда көмектесу мақсатында жаңартылды.

Ресейдің Қырғызстанда орналасқан әуе базасының мүмкіндіктері де арттырылып, ТМД елдері аясында шекаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту шаралары атқарылды",-деді.