Мәдениет – Иран мен Түркіменстан халықтарын қосатын фактор
Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы мәдениетті Иран мен Түркіменстан халықтарын қосатын фактор деп тауып, Теһран-Ашхабад достығы мен бауырластығының еш уақытта үзілмеуі керектігін баса айтты.
Ашхабадқа сапар шеккен Абузар Ибрахими Торкаман Түркіменстандағы Иран мәдениеті күндері аясында: "Иран мен Түркіменстан – еш уақытта достық қарым-қатынастары үзілмеген бауырлас елдер. Екі елдің достығының белгісі ретінде мәдени апталықтар өткізу екі елдің мәдениеті және өнерімен танысуға көмектеседі",- деді.
Түркіменстанның Мәдиниет министрі Атагелди Шамурадов та бұл рәсімнің асында Түркіменстанда Иранның мәдени күндерін өткізуді екі елдің қарым-қатынастарын терңдету саласындағы маңызды оқиға деп атап, Теһран-Ашхабад ынтымақтастықтарын үлкен мәдени бағдарламаларды өткізу аясында дамытуға болатынын айтты.