НАТО-ның бас хатшысы Ресейді ядролық бәсекелестікпен айыптады
НАТО-ның бас хатшысы Ресейді ядролық арсеналдарын заманауиландырып, зымырандық жаттығулар мен сынақтар өткізу арқылы Еуропаның қауіпсіздігін қатерге тіреді деп айыптады.
Bild газетінің мәліметіне сәйкес, Солтүстік Атлантикалық Одағы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг «Ресей қысқа және орташа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы Америкамен жасаған келісімді бұзды. Бұл Еуропада жаңа ядролық бәсекелестіктің басталуына соқтыра алады. Осы саладағы Ресейдің әрекеттері НАТО-ның барлық серіктестерінің алаңдаушылығына себеп болды» деді.
Столтенберг Мәскеуден аталмыш келісімнің баптарына құрмет көрсетіп, қорғаныстық және әскери жаттығулар жобасын жүзеге асыру саласында тиісті айқындылықты сақтауды сұрады.