Илхам Әлиев Арменияны айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34947-Илхам_Әлиев_Арменияны_айыптады
Әзірбайжан Президенті Арменияны Қарабақ мәселесін шешуге кедергі келтіретін ұстанымы үшін айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 20, 2018 19:09 Asia/Almaty
  • Илхам Әлиев Арменияны айыптады

Әзірбайжан Президенті Арменияны Қарабақ мәселесін шешуге кедергі келтіретін ұстанымы үшін айыптады.

Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев Еуроодақтың Кавказ аймағы істері жөніндегі арнайы өкілі Тоиво Клаармен Бакудегі кездесуінде: "Арменияның сындарсыз ұстанымы Қарабақ мәселесін шешуге қатысты келіссөздердің ілгерлеуіне кедергі болуда",- деді.

Әзірбайжан Президенті сонымен бірге Арменияны Қарабақ аймағындағы елдің тарихи, діни және ұлттық мұраларын жоюымен айыптап: "Дағдарысты жылдам шешу үшін Армения күштері Әзірбайжанның  жерінен шығуы керек",- деді.

Қарабақ мәселесі 1988-ші жылы Арменияның Әзірбайжанға қарсы территориялық талаптарын білдіруден кейін басталды.