Ресей АҚШ-қа Солтүстік Кореямен болуы мүмкін соғыстың салдарлары туралы ескертті
(last modified Thu, 01 Mar 2018 11:28:44 GMT )
Нау 01, 2018 17:28 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-қа Солтүстік Кореямен болуы мүмкін соғыстың салдарлары туралы ескертті

Ресейдің Сыртқы істер министрі АҚШ тарапынан Солтүстік Кореяға қарсы әскери күш қолданудың салдарларына қатысты ескертуінде: "Бұл ықтималды соғыста жүздеген мың немесе миллиондаған адам қаза табады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Лавров сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында АҚШ тарапынан Солтүстік Кореяға күш көрсетілуі ықтималдығы жайында: "АҚШ Президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда Солтүстік Кореяға қарсы әскери таңдау жолын қолданатынын талай рет жариялады",-деді.

Лавров: "АҚШ-тағы мұндай сөздер Ресей мен басқа кейбір елдер тарапынан сан рет сарапталып, нәтижесінде Солтүстік Кореяға қарсы әскери сценарийдің гуманитарлық апатқа алып келетіні жарияланды",-деді.

Ресейдің Сыртқы істер министрі: "Оңтүстік Кореядағы қысқы олимпиада ойындары кезінде орын алған оң қадамның (Сеул мен Пхеньянның спорт саласындағы келіссөздері)  жалғасын тауып, Корей түбегінде бейбітшілік келіссөздерін бастауға қолайлы жағдай жасауға қолданылатынына үміттенеміз",-деді.