Иран ядролық қаруға ие елдерді сынады
Иран СІМ-нің Құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары: "Ядролық қаруларға ие мемлекеттердің ядролық қаруларды жою жөніндегі келісімнің алтыншы тарауы негізіндегі құқықтық міндеттемелерін орындамауы ядролық қарусыздануды жүзеге асыру туралы осы келісімнің әлеуетіне қатысты сенімсіздіктің туындауына себеп болды",- деді.
Ғоламхосейн Деһқани Женевадағы қарусыздандыру жөніндегі конференция аясында өткен жоғары лауазымды басшылардың отырысында: "Ядролық қаруларды таратпау саласында ешқандай жетістіктерге қол жеткізбеген жағдайда ядролық қаруларға ие мемлекеттер тіпті күтпеген жерден жаңа әрі әсерлі ядролық оқтұмсықтарды өндіру арқылы осы қаруларды тез арада дамытып, оларды жетілдіру ісіне инвестиция салып, өздерінің ядролық күштерін дамытып жатыр",- деді.