Иран мен Венгрия ғылым және зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтеді
ИИР мен Венгрия денсаулық сақтау, ғылым, білім беру мен зерттеу салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейту мақсатында екі меморандумға қол қойды.
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Хасан Ғазизаде Һашеми мен Венгрияның Қатерлі ісікпен күрес ұлттық инстутының басшысы Миклуш Каслер бейсенбі күні Будапештте өткен рәсім барысында ғылым, білім беру және зерттеу салалары бойынша ынтымақтастықтарды кеңейту жөніндегі екі меморандумға қол қойды. Екі меморандум Венгрияның Қатерлі ісікпен күрес ұлттық институты және Иранның Денсаулық сақтау министрлігі мен бір жоғары оқу орнының ғылыми орталықтары арасында ынтымақтастық жасауға негізделген.
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициниалық білім беру министрі де сәрсенбі күні Бельгияда осы елдің басшыларымен кездесіп, денсаулық сақтау саласында бірнеше ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, Хасан Ғазизаде Һашеми Бельгияның солтүстігіндегі Фландрия аймағының Қоғамдық және отбасы денсаулығын сақтау министрі және Еуропа одағының Денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі комиссарымен кездесіп, сұхбаттасты.