Лавров: АҚШ Еуропаға ядролық қаруды пайдалану жолын үйретуде
(last modified Thu, 01 Mar 2018 17:20:18 GMT )
Нау 01, 2018 23:20 Asia/Almaty
  • Лавров: АҚШ Еуропаға ядролық қаруды пайдалану жолын үйретуде

Ресей Сыртқы істер министрі: "АҚШ Еуропа елдеріне Мәскеуге қарсы ядролық қару-жарақтарды пайдаланудың жолын үйретуде",- деді.

Ресей СІМ Сергей Лавров БҰҰ-ның Женевада өткен карусыздандыру мәселесі жөніндегі конференциясында: "Ядролық қаруға тыйым салу үдерісі АҚШ-тың ядролық қару-жарақтарын Еуропада орналастыру арқылы бұзылды.

АҚШ Әскері Еуропа елдерінің қарулы күштеріне Ресейге қарсы тактикалық ядролық қару-жарақтарды пайдалану тәсілін үйретіп жатыр. Тактикалық ядролық қарулардың болуы мен АҚШ-тың оларды Еуропада қолдануға дайындығы қырғи қабақ соғысынан қалған нәрсе емес, бұл ашық түрдегі басқыншылық сипаттағы ұстаным саналады",- деді.

Лавров сондай-ақ, АҚШ-тың жаңа ядролық қару-жарақтарды дамыту арқылы өзінің ядролық қарулар арсеналын өзгертуге бағытталған бағдарламасына тоқталып, Вашингтонның осындай тәсілінің әлемдік деңгейдегі қауіп-қатерлеріне қатысты ескерту жасады. Вашингтон өз қолданысындағы ядролық қару-жарақтарын дамыту саясатын Ресей мен Қытайдың қоқан-лоққыларына жауап деп атады. Алайда Мәскеу мен Бейжің оны қабылдамай отыр.