Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Түркіменстан президентімен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35211-Иранның_Өнеркәсіп_тау_кен_және_сауда_министрі_Түркіменстан_президентімен_кездесті
Иранның мамандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Ашхабадқа сапармен барған Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари бейсенбі күні кешке Түркіменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 02, 2018 17:30 Asia/Almaty
  • Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Түркіменстан президентімен кездесті

Иранның мамандырылған көрмесінің ашылу рәсіміне қатысу үшін жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Ашхабадқа сапармен барған Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари бейсенбі күні кешке Түркіменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесті.

Түркіменстан президенті кездесуде Ашхабадта ИИР-ның 14-ші мамандырылған көрмесі мен бірлескен бизнес форумының өткізілуіне ризалық білдіріп: "Осындай шараларды өткізу дос әрі көршілес екі елдің сауда-экономикалық байланыстары мен аймақтық және халықаралық әрекеттестіктердің кеңеюіне себеп болады",- деп баса айтты.

Бердімұхаммедов Түркіменстан мен Иран халықтары арасындағы көптеген тарихи және мәдени ортақтастықтарға сілтеме жасап: "Түркіменстан мен ИИР саяси, экономикалық, сауда-саттық, мәдени, гуманитарлық, ғылым және білім саласындағы байланыстары мен халықаралық және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастықты барынша дамытып, кеңейту үшін көптеген әлеуеттерге ие",- деді.

Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Түркіменстан президентімен кездесіп, сұхбаттасқаннан кейін осы елдің Сыртқы Істер Министрі Рашид Мередовпен кездесіп, сұхбаттасты.