НАТО Путиннің осы ұйымға жасаған ескертуін қабылдамайды
НАТО Ресей Президентінің осы коалицияға қарсы жуырдағы ескертулерін қабылдауға келмейді деп санайды.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Президенті Владимир Путиннің НАТО-ның Еуропаның шығысына, Ресейдің шекараларына жақындауына қатысты ескертулерінен кейін НАТО-ның ақпарат хатшысы Оана Лунгеску: "Ресейдің НАТО-дағы одақтас елдерге қарсы ескертулері қабылдауға келмейді. Мұндай сөздер текетіресті азайту үшін жасалып жатқан талпыныстарға көмектеспейді.
НАТО жаңа "қырғи қабақ" соғыс пен жарыса қарулану бәсекелестігін қаламайды. Бұл ұйымға мүше елдердің барлығы қару-жарақтарды бақылау туралы келісімдерді қолдайды",-деді.
Ресей Президенті бейсенбі күні НАТО ұйымының Еуропаның шығысындағы елдерге, соның ішінде Кеңес заманынан бері Ресейдің ықпалындағы аймаққа жақындауы туралы ескерту жасап: "Ресейдің кез келген одақтасына шабуыл Ресейдің өзіне жасалған шабуыл деп қабылданады. Оған шұғыл түрде жауап беріледі.
Ресей АҚШ пен НАТО-ның зымырандық қорғаныс қалқанын әсерсіз қалдыра алатын жаңа технологияларға ие",-деп қуаттады.