Лондондағы Иран елшілігіне шабуыл жасағандар құрықталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35425-Лондондағы_Иран_елшілігіне_шабуыл_жасағандар_құрықталды
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күні кешкк н Лондондағы Иран елшілігіне шабуыл жасағандардың құрықталғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 10, 2018 11:21 Asia/Almaty
  • Лондондағы Иран елшілігіне шабуыл жасағандар құрықталды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күні кешкк н Лондондағы Иран елшілігіне шабуыл жасағандардың құрықталғанын хабарлады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Бахрам Ғасеми ИИР-ның Лондондағы елшілігінің балконына баса- көктеп кірген заң бұзушылардың ұсталып, қауіпті жағдайдың аяқталғанын хабарлады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы әрекетті ұйымдастырушылар мен іске асырушыларды жауапқа тартып, жазалауды сұрады.

Өздерін «Ширази» ағымын ұстанушылар деп атаған бір топ адам Лондон уақыты бойынша жұма күні кешке Иранның елшілігіне шабуыл жасап, ИИР-ның туына құрметсіздік көрсетті.

Осы хабар жарияланғаннан кейін Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары Сейіт Аббас Арақчи бірден Теһрандағы Ұлыбритания елшісі Николас Хаптонға ИИР-ның наразылығын жеткізіп, Лондон Полициясынан ирандық дипломаттарды толық қорғауды сұрап, шабуылдаушыларға қарсы шара қолдануды талап етті.

Бахрам Ғасеми бұл мәселеге қатысты: "Теһрандағы Ұлыбритания елшісі Ұлыбритания үкіметінің атынан ресми түрде кешірім сұрады. Лондонның бүлікке қарсы полициясы оқиға орын алған жерге келіп, жағдайды бақылауға алды",- деп мәлімдеді.

Иранның Лондондағы елшілігіне шабуыл жасаған кезде аталмыш топ мүшелерінің қолдарында таяқ пен пышақ болған.

Иранның Лондондағы елшілігіне шабуыл жасағандар оқиға орын алғаннан үш сағаттан кейін полиция тарапынан құрықталды. "Ұлыбританиялық шиіттер" деп те аталатын «Ширази» ағымы – «Сейіт Садық Ширази» атты адамның ықпалындағы топ. Бұл ағым сүниттік қасиетті мекендерді қорлаумен айналысады.