Трамп Мәскеуді ресейлік тыңшының улануына қатысы бар деп айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35525-Трамп_Мәскеуді_ресейлік_тыңшының_улануына_қатысы_бар_деп_айыптады
Трамп Мәскеуді ресейлік тыңшының улануына қатысы бар деп айыптады,
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 14, 2018 14:35 Asia/Almaty
  • Трамп Мәскеуді ресейлік тыңшының улануына қатысы бар деп айыптады

Трамп Мәскеуді ресейлік тыңшының улануына қатысы бар деп айыптады,

Ливанның Еlnashra ғаламтор базасының мәліметі бойынша, Дональд Трамп: "Британиядағы ресейлік тыңшының улануы Ресейдің ісі деген ой туады",- деп айтқан.

Осы мәлімет бойынша, Британия үкіметі Ресей Президенті Владимир Путинге сейсенбінің түн ортасына дейін жүйке жүйесіне әсер ететін газды ресейлік тыңшыға қалай пайдаланғаны туралы түсіндіруге уақыт берген. Лондондағы Ресей елшілігі бұл айыптарды негізсіз деп атаып, Мәскеу де Ұлыбритания елшісін Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақыртты.

Сергей Скрипаль мен оның қызы өткен аптада Лондонда естерінен танған түрде табылғаннан бері ауруханада жатыр. Сергей Скрипаль 2004 жылы Британияның барлау ұйымының мүддесіне жұмыс жасап, ондаған ресейлікке сатқындық жасап, 2006 жылы 13 жылға бас бостандығынан айрылды. 2010 жылы ресейлік азаматтармен айырбастау үдерісінде абақтыдан босап, Британияда өмір сүретін болған.