Иранның футбол командасы - Азияның ең үздік командасы
Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ең соңғы рейтингі бойынша, Иранның футбол командасы Азия елдері арасында бірінші орында орналасқан.
Халықаралық футбол федерациясы әлемнің футбол командаларының соңғы рейтингін жариялады. Соған сәйкес, Иран 792 ұпаймен Азия елдері арасында бірінші, ал әлем бойынша 33-ші орында орналасқан. Иранның футбол командасы FIFA-ның 2018 жылы ақпандағы рейтингі бойынша 790 ұпаймен өткен аймен салыстырғанда бір орынға жоғары көтеріліп, әлем бойынша 33-ші орынға орналасып, Азия елдерінің ішінде көш бастап келген еді. ИИР-ның футбол командасы төрт жыл қатарынан Азиядағы өз көшбасшылығын сақтап келеді.
Рейтингте Германия, Бразилия мен Португалия әлем бойынша алғашқы үштіктің қатарында, ал Азия құрлығында Иран, Австралия мен Жапония сәйкесінше алғашқы үш орында орналасқан.