Ұлыбритания Ресейдің дипломаттарын елден шығарады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35561-Ұлыбритания_Ресейдің_дипломаттарын_елден_шығарады
Ұлыбритания Премьер-министрі: "Ресейдің 23 дипломаты Ұлыбританиядан шығарылады",-деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 16, 2018 13:46 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Ресейдің дипломаттарын елден шығарады

Ұлыбритания Премьер-министрі: "Ресейдің 23 дипломаты Ұлыбританиядан шығарылады",-деп мәлімдеді.

Al-Jazeera телеарнасының хабарлауы бойынша, Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй сәрсенбі күні осы ел Парламенттінің Өкілдер палатасында сөйлеген сөзінде Ресейдің 23 дипломатын Ұлыбританиядан шығаратынын, Лондонның бұл шараны Ресейдің бұрынғы барлаушысы Сергей Скрипальға улы газбен жасаған шабуылына реакция ретінде атқарғалы отырғанын айтты.

Ұлыбритания Премьер-министрі 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына Ұлыбританияның патшайымы жанұясынан немесе министрлерден бірде-бір адамның бармайтынын айтты.

Тереза Мэйдің айтуынша, Лондон Мәскеумен екіжақты келісімдерді уақытша тоқтатады.

Осындай жағдайда Ресейдің Еуроодақтағы өкілі Владимир Чижов сәрсенбі күні: «Мәскеу Лондонның ауызша қоқан‑лоққыларынан мүлдем қорықпайды»,-деді.  

РФ кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комиссиясы басшысының бірінші орынбасары Владимир Джабаров: «Ресей Ұлыбританияның ресейлік дипломаттарды шығару шарасына қарымта жауап береді»,-деп мәлімдеді.

Ресейдің Лондондағы елшілігі сәрсенбі күні Ұлыбританияның осы елде екі жаққа да қызмет еткен ресейлік тыңшының улануына реакциясында қатысты шешімін айыптап, бұл шараны қабылдауға келмейтін жауластық сипаттағы әрекет деп атады.