Ресей Ұлыбритания Қорғаныс министрінің сөздерін бос сөз деп атады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35579-Ресей_Ұлыбритания_Қорғаныс_министрінің_сөздерін_бос_сөз_деп_атады
Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы британдық әріптесінің айыптауларына білдірген реакциясында оның сөздерін бос сөз деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 16, 2018 15:31 Asia/Almaty
  • Ресей Ұлыбритания Қорғаныс министрінің сөздерін бос сөз деп атады

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы британдық әріптесінің айыптауларына білдірген реакциясында оның сөздерін бос сөз деп атады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Игорь Конашенков: "Мұндай сөздер Лондонның Мәскеуді айыптауларының негізсіз екенін көрсетіп қана қоймайды, айыптаушылардың да түкке тұрғысыз екенін көрсетеді",-деді.

Ұлыбритания Қорғаныс министрі Гэвин Уильямсон бейсенбі күні осы елдегі бұрынғы ресейлік тыңшы Сергей Скрипальға химиялық затпен жасалған шабуылды Мәскеу тарапынан дөрекі әрекет деп атап: "Ресей жауап берудің орнына ары кетіп, үнсіздік танытқаны дұрыс",-деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы: "Ұлыбритания біраз уақыттан бері әлемнің түкпір-түкпірінен қашқандардың тығылатын ұясы мен жалған ақпарат таратын орталыққа айналды",-деді.

Екі жаққа да қызмет ететін ресейлік тыңшы Сергей Скрипаль мен оның 33 жастағы қызы өткен аптада Лондонның оңтүстігіндегі Солсбери қаласында химиялық затпен уланып, ауруханаға жеткізілді.