Ресейде президенттік сайлау өтіп жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35623-Ресейде_президенттік_сайлау_өтіп_жатыр
Ресейдің 2018 жылғы президенттік сайлауы жексенбі күні таңертең осы елдің екі федералдық округындағы сайлау учаскелерінің ашылуымен ресми түрде басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 18, 2018 18:29 Asia/Almaty
  • Ресейде президенттік сайлау өтіп жатыр

Ресейдің 2018 жылғы президенттік сайлауы жексенбі күні таңертең осы елдің екі федералдық округындағы сайлау учаскелерінің ашылуымен ресми түрде басталды.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл сайлау Камчатка өлкесі мен Чукотский автономды округында жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталды.

Ресейдегі президенттік сайлаудың осы кезеңінде жеті үміткер қазіргі Президент Владимир Путинмен бәсекеге түсетін болады. Соңғы сауалнама нәтижелері бойынша, Владимир Путиннің Ресейдің президенттік сайлауында жеңіске жету ықтималы жоғары.

Ресейдің президенттік сайлауы елдің Орталық сайлау комитеті сайлауға шамамен 30 мыңнан астам адамның Ұлттық әлеуметтік бақылау органының құрамында бақылау жүргізетінін хабарлаған жағдайда басталды.