Иранның Телерадио бірлестігі – Asia Vision одағының белсенді мүшесі
ИИР Телерадио бірлестігі 2017 жылы Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына (ABU) 1852 хабар жіберіп, ұйымға мүше 34 елдің арасында бірінші орынға ие болды.
Иран Телерадио бірлестігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, ИИР Телерадио бірлестігінің бірінші орынға ие болғаны дүйсенбі күні Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының Непалдың астанасы Катмандуде өткен жыл сайынғы отырысында жарияланды.
Бұл отырыста Жапонияның «NHK», Қытайдың «CCTV» және Оңтүстік Кореяның «KBS» арналары екінші, үшінші және төртінші орындарды иеленді.
Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының жыл сайынғы отырысы бұл одақтың ең маңызды мәселелерін талқылау және мүшелері арасындағы жұмысты үйлестіру мен таратылатын хабардың саны мен сапасын арттыру мақсатында өтеді.
Asia Vision одағының мүшелері күн сайын саясат, экономика, спорт, ғылым, өнер және мәдениет салаларындағы ең маңызды хабарларын одақтың Малайзияның астанасы Куала-Лумпурде орналасқан орталығына жібереді.