ИИР – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) белсенді мүшесі
ИИР Телерадио бірлестігі 2017 жылы Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына (ABU) 1852 хабар жіберіп, ұйымға мүше 34 елдің арасынан бірінші орынға ие болды.
ИИР Телерадио бірлестігінің бірінші орынға ие болғаны туралы хабар дүйсенбі күні Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының Непалдың астанасы Катмандуде өткен жыл сайынғы отырысында жарияланды.
Asia Vision одағының мүшелері күн сайын саясат, экономика, спорт, ғылым, өнер және мәдениет салаларындағы ең маңызды хабарларын аталмыш одақтың Малайзияның астанасы Куала-Лумпурде орналасқан орталығына жібереді.
2016 жылы ИИР Телерадио бірлестігінің шетелге хабар тарату бөлімі (IRIB) одақтың бірінші орнын иеленді.
Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына мүше елдердің жіберген хабарлары одақ мүшелерінің ықтиярына түсуімен бірге Еуропа Одағының Радио және Теледидар Қауымдастығы (IBA), сондай-ақ Араб Радио және теледидар ұйымымен (ASBU) хабар алмасады.
Тәуелсіз ақпарат құралдарының рөлі әлемдегі хабарларды шындыққа сай тарату болып табылады. Иран Телерадио бірлестігінің Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына мүше елдер арасында табысты болуы басқа мүшелеріне әсер етуі Иран Телерадио бірлестігінің шетелге хабар тарату бөлімінің ерекшелігін білдіреді. АҚШ өткен жылдары ақпарат құралдарын пайдаланып, Иранды дағдарысқа тіремек болды.
АҚШ-тың халықаралық қарым-қатынас кеңесінің ғаламтор порталының сарапшысы Роберт Макмахан: "Иранға қарсы әскери шабуылдың іске асырылуы мүмкін емес, басты мәселе – жұмсақ соғыста ",- деді.
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясының құжатында: "Біз Калифорния мен Нью-Джерсидегі және Вашингтондағы америкалық кейбір радио және телеарналармен ынтымақтастық жасап, солардың көмегімен АҚШ-тың жолдауын Иранның ішіне жеткізуге тырысамыз",- деп жазылған.
ИИР Телерадио бірлестігі Батыстың алпауыт ақпарат құрралдарының әсерінің артуына және санкцияларға қарамастан олардың әрекеттерін залалсыздандырып, хабар тарату саласында жаңа рекордты тіркеді. Ұлттық ақпарат құралдары көптеген оқырманды өздеріне тартып, орын алған оқиғаларды жылдам таратуға, сондай-ақ, бұл саладағы тәжірибелерін басқалармен бөлісуге қажет кәсіби күш-қуатқа ие екенін көрсетті. Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы мүшелерінің арасындағы Иранның табысын дәл осы тұрғыдан бағалау қажет.