Иран – ғылым өндірісі бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие ел
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35814-Иран_ғылым_өндірісі_бойынша_әлемдегі_ең_жоғары_көрсеткішке_ие_ел
Ислам әлемінің ғылыми базасының (ISC) басшысы: "ИИР соңғы жиырма жылдың ішінде 21,62 пайыздық орташа жылдық даму көрсеткішімен ғылым өндірісі бойынша әлемдегі ең жоғарғы көрсеткішке ие болды",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 29, 2018 13:31 Asia/Almaty
  • Иран – ғылым өндірісі бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие ел

Ислам әлемінің ғылыми базасының (ISC) басшысы: "ИИР соңғы жиырма жылдың ішінде 21,62 пайыздық орташа жылдық даму көрсеткішімен ғылым өндірісі бойынша әлемдегі ең жоғарғы көрсеткішке ие болды",- деді.

Мұхаммад Джавад Деһқани Ирандағы соңғы 20 жылы ішіндегі ғылым өндірісінің дамуы жайлы: "NATUTE INDEX институтының 2018 жылы қаңтарда жариялаған есебіне сәйкес, Иран соңғы он жылда әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда 22 пайыздық жылдық даму көрсеткіші арқылы ғылыми, техникалық және инженерлік салаларда ең үлкен ғылыми серпіліс жасап, әлемде бірінші орынға қол жеткізді.

2017 жылы ғылым өндірісі бойынша әлемнің ең үздік 50 елдің қатарына 7 мұсылман елі кірген болатын. Солардың ішінде Иран мен Түркия әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарына кіріп, 16-шы және 17-ші орындарға орналасты",- деді.