Лавров: Ресей АҚШ-тың 60 дипломатын елден шығарады
(last modified Fri, 30 Mar 2018 12:26:38 GMT )
Нау 30, 2018 18:26 Asia/Almaty
  • Лавров: Ресей АҚШ-тың 60 дипломатын елден шығарады

Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-тың жуырдағы әрекетіне жауап ретінде Ресейдің де 60 америкалық дипломатты өз территориясынан шығаратынын мәлімдеді.

Сергей Лавров АҚШ елшісі Джон Ханстменді Мәскеудегі Ресей СІМ-не шақыртылғанын растап: "Ресей оған АҚШ-тың жуырдағы әрекеттеріне жауап ретінде АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігіндегі 58 дипломат пен Екатеринбургтегі осы ел консулдығының екі дипломатын елден шығаратынын хабарлады",- деді.

Өткен дүйсенбі күні АҚШ пен әлемнің 30 жуық мемлекеті бір-бірімен келісіп, Сергей Скрипальдың жағдайына қатысты Ұлыбританияға қолдау көрсету мақсатында көптеген ресейлік дипломаттарды өз территориясынан шығарған болатын.

Ұлыбританияда өмір сүрген 66 жастағы Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль біраз уақыт бұрын өз қызымен бірге Сольсбери қаласындағы бір орындықтан күмәнді жағдайда ессіз күйде табылды.