Еуропаның 41 дипломаты Ресейден шығарылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35848-Еуропаның_41_дипломаты_Ресейден_шығарылды
Ресей жұма күні елінің дипломаттарының батыс елдерінен шығарылуына жауап ретінде түрлі Еуропа елдерінің 41 дипломатын өз жерінен шығарды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 31, 2018 16:23 Asia/Almaty
  • Еуропаның 41 дипломаты Ресейден шығарылды

Ресей жұма күні елінің дипломаттарының батыс елдерінен шығарылуына жауап ретінде түрлі Еуропа елдерінің 41 дипломатын өз жерінен шығарды.

Ресей СІМ-нің мәлімдемесіне сәйкес, Чехияның 3 дипломаты, Нидерландының 2, Италияның 2 дипломаты, бір финляндиялық дипломат, Польшаның 4 дипломаты, Эстонияның бір әскери атташесі, бір латвиялық дипломат, Литваның 3 дипломаты, бір швециялық дипломат, Германияның 4 дипломаты, Грузияның бір дипломаты, 13 украиналық дипломат, Молдавияның 3 дипломаты, бір румыниялық және бір норвегиялық дипломат Ресей жерінен шығарылды.

Сонымен қатар, Ресей СІМ Ұлыбританияға өзінің Ресейдегі дипломатиялық орталығындағы қызметкерлерінің санын қысқартып, оны Ресейдің сол елдегі дипломаттарының санымен теңестіруді сұрады.

Ресей өз елшілерінің батыс елдерінен шығарылуына жауап ретінде бейсенбі күні қарымта шаралар үдерісін бастап, ең алдымен 60 америкалық дипломатты Ресей территориясын шығарды. Ресей мен Батыс елдерінің қатынастары екіжақты тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызының ісіне байланысты шиеленісе түсті.