Украинада парсы тілін тарату мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
(last modified Sat, 31 Mar 2018 15:22:47 GMT )
Нау 31, 2018 21:22 Asia/Almaty
  • Украинада парсы тілін тарату мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ИИР-ның Украинадағы елшісі мен Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университеттің ректоры Ресейден кейінгі ең ірі еуропалық мемлекетте парсы тілін тарату мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жұма күні Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінің ректоратында өткен қол қою рәсімінде қос тарап Украинада парсы тілін тарату аясында талпыныс жасауға келісті. Иранның Украинадағы елшісі ИИР-ның Украинадағы елшілігінің аталмыш университеттегі парсы тілі бөлімі мен ирантану орталығына қолдау көрсетуі қажеттігін қуаттап, парсы тілін тарату үшін қажет қаржылай көмек көрсетуге әзірлігін мәлімдеді.