Ресей өз азаматтарына Ұлыбританияға сапар шегуге қатысты ескерту жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35870-Ресей_өз_азаматтарына_Ұлыбританияға_сапар_шегуге_қатысты_ескерту_жасады
Ресейдің Лондондағы елшілігі Ұлыбританиядағы Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипальдың улану оқиғасының жалғасында сол елде ресейліктерге қарсы үдерістің артуына тоқталып, Ресей халқына Ұлыбританияға сапар шекпеуге кеңес берді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 01, 2018 13:12 Asia/Almaty
  • Ресей өз азаматтарына Ұлыбританияға сапар шегуге қатысты ескерту жасады

Ресейдің Лондондағы елшілігі Ұлыбританиядағы Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипальдың улану оқиғасының жалғасында сол елде ресейліктерге қарсы үдерістің артуына тоқталып, Ресей халқына Ұлыбританияға сапар шекпеуге кеңес берді.

Лондондағы Ресей елшілігі Ұлыбританияға сапар шегетін Ресей азаматтарына бүлдіргі әрекеттермен бетпе-бет келу ықтималы, соның ішінде шабадандарына бөгде заттарды қасақана салып жіберу секілді жағдайға қатысты ескерту жасап: "Бұл – Ұлыбритания үкіметінің Ресейге қарсы саясаттарына, қоқан-лоққыға толы сөздері мен қатерлі шараларына қатысты ескерту",- деп мәлімдеді.

Ресей мен Ұлыбритания қатынастары соңғы күндері Ұлыбританиядағы Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызының улану оқиғасы салдарынан бұрынғыдан бетер нашарлай түсті.