Ресей Тәжікстан әуе компаниясының бірқатар рейсін тоқтатты
Ресейдің Тасымал министрлігі жексенбі күні Тәжікстанның Somon Air әуе компаниясының Ресейдің тоғыз қаласына бағытталған рейстерін тоқтатты.
Ресей Тәжікстанның Somon Air әуе компаниясының Душанбе қаласынан Ресейдің Екатеринбург, Иркутск, Қазан, Краснодар, Красноярск, Санкт-Петербург және Сочи қалаларына бағытталған және Худжанд қаласынан Ресейдің Қазан мен Санкт-Петербург қалаларына бағытталған рейстерін тоқтатты.
Ресей мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстерінің тоқтатылу үдерісі бір жарым жыл бұрын Ресей тарапынан басталды. Мәскеу Тәжікстанның Somon Air әуе компаниясының кейбір ұшақтары халықаралық стандарттарға сай емес деп мәлімдеп, аталмыш жолаушы тасымалдайтын компанияға шектеулер жариялады.