Иранға жала жабу – Ұлыбритания Қорғаныс министрінің Трамптың алаңындағы ойыны
Ұлыбритания Қорғаныс министрі: "Ирак, Сирия және Йемендегі Иранның әскери араласушылығы мен осы елдің ядролық мақсаттары баршаға әшкере болды",- деген уәж айтты.
Ұлыбритания Қорғаныс министрі Гэвин Уильямсон жексенбі күні АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасына күдік-күмән тудыруына қосылып, осы уәжді айтты. Бұл уәждер Батыс тарапынан Иранға қарсы сан рет баяндалғанымен ИИР оларды теріске шығарды.
Бұдан бұрын саудиялық тақ мұрагері АҚШ сапарында Дональд Трамптың көңілінен шығу үшін: "Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бұл елді ядролық қаруға жету мақсатынан бас тартқызбайды. Сондықтан бұл келісімнің орнына басқа келісім жасау керек",- деген болатын.
АҚШ Президенті әртүрлі сылтаулармен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу үшін әрекет жасап, келісімге өзгеріс енгізуді АҚШ-тың аталмыш келісімде қалуының жалғыз жолы деп жариялады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына Иранның зымырандық бағдарламасы сынды қосымша тақырыптарды енгізу – АҚШ бастап, Британия мен Франция сияқты кейбір еуропалық мемлекеттер мен Сауд режимі қолдап, қоштап отырған ортақ үгіт-насихат. Бұл үгіт-насихаттың мақсаты – Ираннан үркіту үдерісі арқылы аймақ теңгеріміне ықпал ету.
ИИР-ның маңызды рөлі мен сындарлы құзыры Батыс Азия аймағының саяси теңгерімін тәуелді ойыншылар мен трансаймақтық елдердің бақылауынан шығарды. Сол себепті араб-батыс майданы негізсіз уәждерімен Иранның аймақтағы рөліне әсер етуге әрекет жасауда. ИИР-ның бұл аймақтағы маңызды рөлі аймақ пен аймақтан тысқары кейбір үкіметтердің пайдақұмарлығын залалсыздандырғандықтан Британия сынды мемлекеттер негізсіз уәждерін баяндап отыр.
Ливандық сарапшы Ғалеб Қандил Иранның аймақтағы рөлі туралы: "Иран қарсыласу қозғалысын қолдайтын мықты рөл атқарды. Иранның экономикалық, әскери және кәсіби деңгейлердегі қолдауы аймақтағы лаңкестік топтарды жеңуде маңызды әсер етті",- деді.
Палестинаны азат ету халық майданының жауапты тұлғасы Салех Абумаджед Дамаскте: "ИИР өзінің күш-қуатымен аймақтағы саяси-әскери салалардағы дұшпанның барлық теңгерімін өзгертті",- деді.
Біріншіден, Иранның қорғаныс доктринасында ядролық қаруға орын жоқ. Ислам революциясының жетекшісі өз пәтуасында ядролық қаруды харам деп жариялады; екіншіден "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы іске асырыла бастаған 2016 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Бас директорының 10 мәлімдемесінде Иранның ядролық мәселеге қатысты келісімдегі міндеттеріне табанды болуы мен ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттылығы қуатталған жағдайда Британия Қорғаныс министрі «ИИР ядролық мақсатты көздеуде» деп айып тағып отыр.
Еуропа және Ақш үкіметтерінің Иранның аймақтық саясаттары, ядролық және зымырандық бағдарламалары туралы негізсіз уәждері тек бір мақсатты ғана көздейді: нақты айтқанда олар Иранды оқшаулап, стратегиялық маңызды Батыс Азия аймағының саяси бағдарын анықтау тізгінін өз қолдарына алғысы келеді. Сонымен бірге АҚШ аймақтағы өз саясаттарын алға ілгерілету үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан сан рет әлемдік қоғамды Иранға қарсы жұмылдырмақ болғанымен әрекеттері іске аспады. Осы салада Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи: "2017 жылы АҚШ үкіметі сан рет Иранның ісін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қайтадан тапсырмақ болды. Алайда нәтижеге жетпеді. Бұл – америкалықтардың халықаралық деңгейде оқшау қалғандығының, керісінше, ИИР-ның күш-қуатының белгісі",- деді.