Хатами: Таяу Шығыстың қауіпсіздігі туралы жоспарлар аймақ елдерінің өзінде дайындалуы тиіс
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35928-Хатами_Таяу_Шығыстың_қауіпсіздігі_туралы_жоспарлар_аймақ_елдерінің_өзінде_дайындалуы_тиіс
ИИР-ның Қорғаныс министрі: "Таяу Шығыс аймағынан тыс жерде жасалған жоспарларды қабылдауға да, орындауға да келмейді. Аймақтың қауіпсіздігі туралы жоспар сол жердің өзінде дайындалуы керек",-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 03, 2018 18:48 Asia/Almaty
  • Хатами: Таяу Шығыстың қауіпсіздігі туралы жоспарлар аймақ елдерінің өзінде дайындалуы тиіс

ИИР-ның Қорғаныс министрі: "Таяу Шығыс аймағынан тыс жерде жасалған жоспарларды қабылдауға да, орындауға да келмейді. Аймақтың қауіпсіздігі туралы жоспар сол жердің өзінде дайындалуы керек",-деп қуаттады.

Бригада генералы Амир Хатами сейсенбі күні Мәскеуде өтетін қауіпсіздік отырысына қатысу үшін Ресейге келіп түскен кезде берген сұхбатта аймақтың қауіпсіздігі үшін сырттан жасалған жоспардың тиімсіздігінің Сирияда байқалғанын айтып: "Аймаққа сырттан таңылатын жоспарлар аймақ органдарының болмысын ескермеуі және аймақ халықтарының мүдделеріне сәйкес болмауына байланысты орындалуы мүмкін емес.

Аймақта лаңкестікпен күресу үшін екі коалиция құрылды. Біріншісі қарсыласу қозғалысына тиесілі болды. Ол Сирияға қолдау көрсетіп, лаңкестермен шынайы түрде күресіп,  ДАИШ лаңкестік тобын жеңіліске ұшыратуда табысқа жетті. АҚШ бастаған екінші коалиция таңдамалы түрде әрекет етті. Олар өз мүдделеріне сай болған кезде лаңкестерді басқарып отырды",-деді.

Бригада генералы Хатами ИИР-ның Мәскеу қауіпсіздік отырысында өзінің көзқарастарын баяндайтынын айтып, Ресей басшыларымен кездесуде әскери саладағы екіжақты әріптестіктердің талқыланатынын мәлімдеді.

Жетінші халықаралық қауіпсіздік отырысы ертең, сәрсенбі күні  Мәскеуде әлемнің 80 елінің Қорғаныс министрлері, штаб басшылары, әскери-қорғаныс саласындағы жоғары лауазымды қолбасшылар мен халықаралық ұйымдардың жауапты тұлғаларының қатысуымен басталып, екі күн бойы өтеді.