Иран, Ресей мен Түркия басшылары Анкара саммитінің соңында ортақ мәлімдеме жариялады
Иран, Ресей мен Түркия басшылары Анкара саммитінің соңында жасаған ортақ мәлімдемеде Сирияда лаңкестік толығымен жойылғанға дейін күресті жалғастыру қажеттігін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани, Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин сәрсенбі күні түстен кейін Анкара саммитының ортақ мәлімдемесінде Астана отырысы форматының жалғыз әсерлі халықаралық бастама болғанын айтып, оның Сирияның түкпір-түкпірінде қатігездікті азайтуға көмектесіп, бұл елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуында айшықты рөл атқарғанына тоқталып, Сирия дағдарысын шешуге бағытталған белсенді әріптестікті жалғастыруға қатысты ерік-жігерге ие екендіктерін айтты.
Иран, Ресей мен Түркия басшылары осы қорытынды мәлімдемеде Сирияда атысты тоқтату бітімі тұрақты түрде орнап, бейбітшілік толық қалыптасу үшін әріптестікті жалғастыру қажеттігін қуаттап, әлемдік қауымдастық пен БҰҰ-дан Сирияға гуманитарлық көмектерді арттыруды сұрады.
Сонымен қатар Иран, Ресей мен Түркия басшыларының мәлімдемесінде Сирия дағдарысын шешуге бағытталған келесі отырыстың Теһранда өтетін болып келісілгені хабарланды.