"Санкт-Петербург мураккасы" атты ирандық альбом ЮНЕСКО тізіміне тіркелді
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында "Петербург мураккасы" атты ирандық миниатюра мен каллиграфиялар жиынтығының ЮНЕСКО-ның "Әлем естелігі" атты тізіміне тіркелгені туралы арнайы дипломмен марапаттау рәсімі өткізілді.
Ирантанушылар, өнер және каллиграфиялық туындылар бойынша эксперттер мен Ресейдегі Иран Мәдени өкілдігінің директоры Реза Малекидің қатысуымен өткен "Петербург мураккасы" атты ирандық каллиграфия мен миниатюралар жиынтығын марапаттау рәсімінде Ресейдегі ЮНЕСКО-ның "Әлем естелігі" атты бағдарламасы жөніндегі комитеттің басшысы Андрей Артизов қазіргі кезге дейін ЮНЕСКО-ның "Әлем естелігі" бағдарламасына 13 туындының тіркегені туралы айтып: "Сол тізімдегі алғашқы исламдық-ирандық туынды – "Петербург мураккасы" ",- деді.
"Петербург мураккасы" – моңғол және Исфахан мектептерінің миниатюралары мен Сефеви дәуіріне қатысты ирандық каллиграфия түрлерінің жалпы 94 туындысынан құралған өзіндік ерекшелігі бар жинақ.
Бұл альбомның маңызы оның толығымен бастапқы қалпында сақталуы мен әлемде көлемі мен мөлшері тұрғысынан осы жинақпен салыстыруға келмейтін бұған ұқсас тек екі альбомның болуында.
Муракка деп каллиграфия мен миниатюра туындыларын қамтитын бір-бірімен байланысты түрлі өнер туындыларының жиынтығын атайды.