Трамптың біржақтылығы – әлемдік қауіпсіздік үшін шынайы қатер
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарының алдындағы Қосылмау қозғалысына мүше елдердің ұжымдық әрекетінің қажеттігін қуаттап, бұл режимнің өз қылмыстарын еркін жалғастыруын әлемдік қауіпсіздік үшін шынайы қатерге айналатын біржақтылықтың белгісі деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының АҚШ пен аймақтағы кейбір одақтастарының қолдауымен іске асырылғанына тоқталып: "2000 жылдардың басындағы біржақтылықтың бірінші толқыны Таяу Шығыс аймағын апатқа тіреп, экстремизм мен лаңкестікке себеп болды. Қосылмау қозғалысы біржақтылықпен қарсыласып, жан-жақты шешім қабылдауды ілгерілетуді жалғастырып, әділ әрі демократиялық әлемдік жүйе құру мақсатына жетуге талпыныс жасауы керек",- деді.
Бүгінгі әлем АҚШ Президенті Дональд Трамп басқаратын біржақты ұстанымға тағы куә болып отыр. Трамптың Ақ үйге кіруімен халықаралық келісімдер мен БҰҰ сияқты әлемдік органдардың келісімдеріне немқұрайдылық таныту АҚШ басшыларының жұмыстарының күн тәртібіне қойылды. Трамптың әрекеттері АҚШ-тың соғысқұмар ұстанымы Ауғанстан мен Иракқа шабуыл жасап, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қатерге тіреген 2000 жылдардың басындағы әрекеттерге ұқсас. Экстремизм мен зорлық-зомбылықтың артуы АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа жасаған шабуылының салдары. АҚШ ДАИШ пен Джебхат ан-Носрат сынды әртүрлі лаңкестік топтар құрып, Батыс Азия аймағы халқының қауіпсіздігі мен тұрақтылығына зиян келтірді.
Бұл ұстаным Дональд Трамптың Ақ үйге кіруімен қайта байқалып, оның сыртқы саясатқа қатысты шешімдері әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қатерге тіреді. АҚШ-тың саяси және қару-жарақ қолдауына ие саудиялық коалицияның Йемендегі шабуылдары төртінші жылға аяқ басты. Сондай-ақ, сионистік режимнің Палестинаның басып алынған жерлеріндегі соғысқұмарлығы мен басқыншылығының артуы Дональд Трамп кезіндегі жаңа біржақтылықтың белгісі. Құдсты заңсыз Израиль режимінің астанасы ретінде жариялауы мен "Бақытсыздық күні" (Израиль құрылған күн) АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру жоспары – халықаралық қарарлар мен келісімдерге немқұрайдылық білдіруі мен жаңа біржақтылығының белгісі.
Трамптың жаңа адамдарды жоғары орындарға сайлауы мен олардың шешім қабылдау жүйесіне енуі АҚШ-тың біржақтылық жолына түскенін көрсетеді. Болтон сынды адамды АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігінің кеңесшісі етіп сайлауы Трамп үкіметінің біржақтылығының жалғасуының көрінісі.
АҚШ сенаторы Берни Сандерс Дональд Трамп үкіметінің сыртқы саясат саласындағы ұстанымдары туралы айтқан сөзінде Джон Болтонды АҚШ-тың 2003 жылы Иракқа қарсы соғысқа шырмалуына себеп болған адастырушылардың бірі деп атады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп пен АҚШ-тың халықаралық жүйедегі демократияның саулығына қарсы әшкере қоқан-лоққы екендігіне күмән тумайды. Осындай жағдайда халықаралық ұйымдар, соның ішінде Қосылмау қозғалысы АҚШ-тың жаңа біржақты шешім қабылдауына қарсы тұрып, жан-жақты шешім қабылдауды ілгерілету міндетіне ие. Бұл саладағы немқұрайдылық пен Трамптың біржақты саясатты шынайы ұстануы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін үлкен қатер. Сондықтан Қосылмау қозғалысы әлемде әділ әрі демократиялық жүйе құруды көздеп отыр.