Қосылмау қозғалысының конференциясында сионистік режимнің қылмыстары айыпталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36008-Қосылмау_қозғалысының_конференциясында_сионистік_режимнің_қылмыстары_айыпталды
Бакуде өткен Қосылмау қозғалысына мүше елдердің СІМ конференциясының қорытынды мәлімдесінде сионистік режимнің Палестина халқына қарсы әрекеттері айыпталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 07, 2018 13:31 Asia/Almaty
  • Қосылмау қозғалысының конференциясында сионистік режимнің қылмыстары айыпталды

Бакуде өткен Қосылмау қозғалысына мүше елдердің СІМ конференциясының қорытынды мәлімдесінде сионистік режимнің Палестина халқына қарсы әрекеттері айыпталды.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Қосылмау қозғалысына мүше елдердің Сыртқы Істер Министрлері бұл мәлімдемеде сионистік режим әскерилерінің жуырдағы Газа секторындағы қылмысын айыптап, сионистік режимнен жасап жатқан қылмыстары мен адам құқықтарын бұзуды тез арада тоқтатуды сұрады.

Бұл мәлімдемеде сондай-ақ сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы дұшпандық әрекеттері, атап айтқанда сионистік қалашықтарды салу және кеңейту, тұрғын үйлерді қирату және мыңдаған әскери емес палестиналықты тұтқынға алуы айыпталды.

Қосылмау қозғалысына мүше елдер СІМ-нің кезеңдік отырысы бейсенбі, жұма күндері Әзірбайжан Республикасының астанасы Бакуде өтті. Жалпы алғанда 120 мүше ел, 17 мүше емес мемлекет және 10 халықаралық ұйымның 800 өкілі конференцияға бақылаушы ретінде қатысты.