Ресей Иранмен қарым-қатынасын кеңейтуге әзір
Ресей Думасының Халықаралық істер комитетінің төрағасы өз елінің Иранмен әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарын кеңейтуге әзірлігін хабарлады.
Ресей Думасының Төрағасы мен өкілдерінен құрылған делегация бүгін жексенбі күні Иранға аттанар алдында Думаның Халықаралық істер комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий: "Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастықтары, Сирия дағдарысын шешу мен Орталық Азия мәселелері Ресей Парламенті өкілдерінің Иран басшыларымен пікір алмасатын тақырыптарының қатарын құрайды. Бұл сапарда сондай-ақ, Теһран мен Мәскеу арасындағы ядролық тоқ өндіру және Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан жағдайдағы келісімнің песрпективалары туралы сұхбат жүргізіледі",- деді.
Ресей Думасының Төрағасы Вячеслав Володин Парламент өкілдері делегациясын бастап, жексенбі күні Иран басшыларымен әртүрлі мәселелер, соның ішінде лаңкестікпен күрес және экономикалық қарым-қатынастар туралы келіссөздер жүргізу үшін екікүндік сапармен Теһранға аттанады. В.Володин Теһранда Иран Президенті Хасан Рухани және Иран Ислам Мәжілісі Кеңесінің Төрағасы Әли Лариджанимен кездеседі.