Иран мен Вьетнам Парламенттерінің төрағалары серіктестіктерді арттыру туралы кеңесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36232-Иран_мен_Вьетнам_Парламенттерінің_төрағалары_серіктестіктерді_арттыру_туралы_кеңесті
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы мен Вьетнам Ұлттық Жиналысының төрайымы екі жақты байланыстарды арттыру, сауда, мәдениет пен саяхат салаларындағы кедергілерді жою туралы пікір алмасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 16, 2018 16:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Вьетнам Парламенттерінің төрағалары серіктестіктерді арттыру туралы кеңесті

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы мен Вьетнам Ұлттық Жиналысының төрайымы екі жақты байланыстарды арттыру, сауда, мәдениет пен саяхат салаларындағы кедергілерді жою туралы пікір алмасты.

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани бүгін таңертең Ханойда Вьетнамның Ұлттық Жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесуінен кейін тілшілерге берген сұхбатта Иранның Вьетнаммен ертеден достық байланыстарға ие екенін айтып, екі ел байланыстарын бұрынғыдан көбірек арттыра түсу керектігін қуаттады.

Лариджани Иран мен Вьетнамның көптеген мәселелер бойынша ортақ көзқарастары бар екенін баяндап: «Вьетнам ұзақ жылдарға созылған тәуелсіздік талап еткен күрестерінің арқасында егемендікке қол жеткізді. Бүгін сол себепті Иранда танымал тұлға саналатын Вьетнам күрескерлерінің жетекшісі Хо Ши Миннің қабіріне бардым» деді.

Нгуен Тхи Ким Нган да Вьетнамның Иран үкіметі мен халқын әрдайым қолдайтынын мәлімдеп, екі ел ынтымақтастықтарының кеңейе түсетіндігіне үміт білдірді.